Әсеттің ішкі әуені

Бұл бетте «Әсеттің ішкі әуені» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Кетпей қойды-ау бір әуен көкейімнен,
Дала кезіп, дал ұрып кетейін мен.
Құба жонды қырлардан әрі асайын,
Ойпаңдарда, орманда адасайын.
Шығар екем қай тарап, қай түкпірден,
Келем бе әлде еліме қайтып бірден?
Жоқ, болмаса жоғалып сол бетіммен,
Шиырлаумен өтем бе жер бетін кең?
Бәлкім, бірде кеселдің қырсығынан,
Кезбе басым қиылса қыршынынан,
Ботасы өлген інгендей боздар анам,
Көзін алмай момақан боз даладан.
Қайран әкем қайырылып қанатынан,
Басар ашық аспанын қара тұман.
Тартып сосын қайғыдан үміт алшақ,
Жетер жылжып мені де ұмытар шақ.
Жарым-дағы жерінер төсегінен,
Махаббатқа ораған кешегі мен.
Жанның бәрі жолымнан күдер үзер,
Күңіренген күн қайтадан күле кірер.
Бұзбас, сірә, бұл өмір өз арнасын,
Еш ғұмырдың білген соң оза алмасын.
Тек тауларым қалғымас ұлар ұшқан,
Оралғанша қаңғыбас ұлы алыстан.
Ормандарым тарқатып қос бұрымын,
Ойлар бір сәт ыңылдап кешкіғұрым.
Өзендерім алқына іздеп мені,
Білінбесе жаз өтіп, күз жеткені,
Туған далам, ойпыр-ау, кешіре гөр,
Мен емеспін елестің көшіне ерер.
Кезім болса өзіңнен жырақ кетер,
Өлді деме балаңды жылап бекер.
Қош айтыссам мәңгіге мен сенімен,
Қиылды де уақыттың семсерінен!..

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсеттің ішкі әуені өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Әсеттің ішкі әуені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсеттің ішкі әуені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсеттің ішкі әуені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері