Жұлдыздың жұмыртқасындай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жұлдыздың жұмыртқасындай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1098
Торғайдай миым тобықтай түйін түйе алмай,
Жастығым кетті сағымға сіңіп қиялдай.
Көшені кезген тәжіктің қайыршысындай,
Күндерден қайыр сұраймын енді ұялмай.
Сағыздай созса сағыныш мұңды сарғайтып,
Жарымас жаның жасырын сырды елге айтып.
Тасбақа тағдыр тапжылмай қойса табандап,
Күңіреніп жүріп, күн көрер екем мен қайтіп?
Құтылар ма екем жалыннан ішті шарпыған,
Жөнеп бір кетсем жоғалған көштің артынан.
Тылсымнан бірақ таптырмас кісікиіктей,
Айырған дүние атаның дәстүр­салтынан.
Тербейді түпсіз тереңге тартқан толғаныс,
Бабама телі жайлаудың төрі ол да алыс.
Атылып келіп, алқымнан ала түсердей,
Елестеп көзге, алдымда тұрған жолбарыс.
Ақырып тұрған жолбарыс – менің бейнетім,
Бейнелеп оны айтпаған жерде ой жетім.
Бозінген түстес боз үйлер еске түседі,
Шымшықтай жүрек шырылдай қалса кейде тым.
Бозінген боздап, боз үйлер қозғап дертімді,
Көкейде бұққан көңілдің күйі шертілді.
Көрінер ме екен орнындай өшкен ошақтың,
Төңкере қойсам төбесі тозған бөркімді?
Ықтасын болса пенденің бәрі жан сақтар,
Кеудемде менің жана алмай қалған қанша от бар.
Аспаннан түскен жұлдыздың жұмыртқасындай,
Ақбоз үй көрсем көзімнің жасы моншақтар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыздың жұмыртқасындай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыздың жұмыртқасындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыздың жұмыртқасындай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыздың жұмыртқасындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері