Жүрегiмдi түбiнен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жүрегiмдi түбiнен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Жүрегiмдi түбiнен
Қазатын жан бар ма екен?
Жан жарасын тiлiмен
Жазатын жан бар ма екен?
Үмiтiмнiң шырағын
Жағатын жан бар ма екен?
Тағдырымның тұрағын
Табатын жан бар ма екен?
Өрге шықсам, басымда
Жанатын жан бар ма екен?
Көрге түссем... қасымда
Қалатын жан бар ма екен?
Көзiмдегi бұлаққа
Қанатын жан бар ма екен?
Менiмен бiр Жұмаққа
Баратын жан бар ма екен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегiмдi түбiнен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жүрегiмдi түбiнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегiмдi түбiнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегiмдi түбiнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері