Түнгі жыр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түнгі жыр» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Сезiмiм саған деген салқындады,
Аптығып, алабөтен алқынбады.
Қаласа – қара судан қаймақ тартқан
Қарғам-ау, сол баяғы қалпың кəнi?
Қарғам-ау, қалпың қайда сол баяғы?
Қайда сол омыраудың орқояны?..
Көз жетпес, сөз өтпесiн бiле тұра
Көңiлiм көктегi Айға қол жаяды.
Көктегi Ай бара жатыр дөңгеленiп,
Желкенiн желқайықтай желге керiп.
Жамылып жарым түнде бозаң сəуле
Тұрмысың сол Арманды сен де көрiп…
Ай – арман,
Дүние – жалған тез өтпелi,
Беймезгiл бiз – жолаушы кезектегi.
«Көзқұмар, көрсеқызар көбелек» деп
Кезiнде кiмдер менi сөз етпедi…
Сен – жалғыз,
Мен – оңаша түн ауғалы.
Көңiлдi көлденең кеп кiм аулады?
…Сезiмге салқынсыған сыңар таппай
Жүрегiм жылауда əлi, жылауда əлi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі жыр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түнгі жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Түнгі жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері