Қайта жанды өшкен нұрым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қайта жанды өшкен нұрым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Қайта жанды өшкен нұрым,
Қайта оралды көшкен күнім.
Көктөбеге шақырғандай
Көктемеде өскен гүлім.
Көзге көрік, жанға дəрі –
Шақырғандай алма бағы.
Үзілмеген үмітімді
Келдің бе екен жалғағалы?
Төрт құбылам құбылмалы
Ұғынбады, ығырлады...
Қаншама рет шыбын жаным
Шыңырауда шырылдады?..
Сезімімнің шырын балы
Сен бе деп ем ғұмырдағы,
Бақытымды кім үркітті?
Жақұтымды кім ұрлады?
Қылқобызда мың ырғағы
Қызыр ма едің Қырымдағы? –
Аққу қонған айдындайын
Кеуде тұсым шымырлады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта жанды өшкен нұрым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қайта жанды өшкен нұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайта жанды өшкен нұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайта жанды өшкен нұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері