Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?
Сəуiрдiң, əлде самал лебiмiсiң?
Жаңылмай, жазбай тапсам, жазығым не,
Жаралған жан екенсiң менiң үшiн.
Мен үшiн рас болса жаралғаның,
Сездiршi тордан шығар шамаң барын.
Құмында құлан жортқан қу медиен
Мен де бiр Барсакелмес аралдамын...
Мен үшiн жаралғаның анық, қанық!
Бұл сөздi қайталаудан жалықпалық.
Қара түн жамалыңды көрсетпейдi
Қанатын Қарақұстай қағып қалып.
Көлеңкең күндiз бар да түнде ғайып,
Күн батып,
Ай туғанда бiр болайық.
Құдайдың көктен түскен Перiштесi
Құдай-ау, маған емей, кiмге лайық?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері