Көлдегі қоңыр қаз едім

Бұл бетте «Көлдегі қоңыр қаз едім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Көлдегі қоңыр қаз едім,
Көздегі тұнжыр наз едім.
Шертілмей жүрген күй едім,
Айтылмай жүрген саз едім...
Көзіме қарап мөлдіршең
Көліме келіп қондың сен.
Əніме жаның жарасып,
Бəріне ие болдың сен!
Көл едім... шөлге айналдым,
Көркіңе жіпсіз байландым.
Көл де бар,
Наз да,
Саз да бар
Көзіңнен, жаным, айналдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлдегі қоңыр қаз едім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көлдегі қоңыр қаз едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлдегі қоңыр қаз едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлдегі қоңыр қаз едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері