Құрып кетті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құрып кетті» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1406
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Он шақты құтысын іліп кетті,
Содан бері иіссу құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Оның да он шақтысын іліп кетті,
Содан бері «шампунь» құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Бұдан да біразын іліп кетті,
Содан бері «лосьон» құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Көптеген қалбырын іліп кетті,
Содан бері етік май құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Қырықтай қадағын іліп кетті,
Содан бері ашытқы құрып кетті...
Құлқынбек бір үйге кіріп кетті,
Содан бері өзі де құрып кетті...
Бар сырын бір досым біліп кепті:
Деп жүрсек не пайда түседі екен?
Құлқынбек өзінше пішеді екен –
Әлгілерді арақ орнына ішеді екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрып кетті өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құрып кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрып кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрып кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері