Әр қырынан

Бұл бетте «Әр қырынан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1220
Алпыстағы ақын
Алаңсыз шығып алып пенсияға,
Батырды қауырсынды мол сияға.
Жаза алмай жүруші еді атын да оңдап,
Енді ол алпысында ақын болмақ.

Тапжылмас талант
Айлап жинап, жыл жинап,
Бастырды да бір жинақ,
Талантпын деп, қырық жыл
Төсін тынбай ұрып жүр.

Арсыз ақын
Кітабының көбейткенмен көлемін,
Ешкім жатқа білмейді бір өлеңін.
Сөйте тұра атышулы Абайды
Өзінен тым төмен ақын санайды.

Өресіз өлең
Қаланғандай үй тасы,
Жып-жылмағай ұйқасы.
Жоқ, бірақ та, құйқасы,
Жанға дауа, шипасы.

Қайта құру
Оңай өнер санағанмен өлеңді,
Талай жылы босқа өтті, көнерді.
Прозаик боламын деп ол енді,
Романды бастап кетті көлемді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр қырынан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әр қырынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр қырынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр қырынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері