Құлын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Құлын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 21438
Шаршаған жол батып
Волховтың батпағында,
Жатыр бие толғатып
Зеңбіректің арт жағында.
Фугас бомбасы
Жерді өртеген қиын күнде,
Тіршілік жолдасы
Бүлкілдейді биенің бүйірінде.
Адамдай жапа шегіп құса-мұңнан,
Сәби бір үн сағынған.
Жалы. тарап, көзіне үнсіз қарап,
Солдат оның сипайды құрсағынан.
Шашыраған көк жалынын бүркіп
темір,
Орманның іші үрейлі.
Ал оттың ортасында -
Шіркін өмір
Құлын боп кісінейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлын өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Құлын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері