Ең тəтті мен ең ащы

Бұл бетте «Ең тəтті мен ең ащы» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

– Ең, ең тəтті не өмірде? –
Деп сұрап едім мен бірде,
Балалар бірден ойланбай,
Келісіп бəрі қойғандай:
Шулады тегіс:
– Бал! – деді, –
Басқа енді не бар?– деді.
Содан соң бəрі жабыла:
– Ол кəмпит! – деді тағы да.
Содан соң бəрі жабыла:
– Ол қант! – деді тағы да.
Əйтеуір ойлап тапты ғой,
Жақсы сөз – ең тəтті ғой.
– Ең, ең ащы не өмірде?
Деп сұрап едім мен бірде.

Балалар тағы іздеді,
Бірі:
– Ең ащы тұз!– деді.
Біреуі:
– Жуа!– деп жатыр,
Біреуі:
– У ма?– деп жатыр.
Таппағаннан соң өздері
Сұрап еді кеп əжемнен:
– Ең ащы: – жаман сөз!– деді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең тəтті мен ең ащы өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Ең тəтті мен ең ащы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең тəтті мен ең ащы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең тəтті мен ең ащы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері