Жеті ата
– Баласының баласы –
Көздерінің қарасы,
Атасына немене?
Әжесіне немене?
Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп-тұру керек!
Жеті жасқа жетпей бала
«Жеті атасын» білу керек!
Сендерге ешкім тимейді,
Сендерді кім сүймейді?!
Ақ ләйлектер, келіңдер,
Бөпе әкеліп беріңдер!
Қимас әнге салады,
Құстар қайтып барады.
«Қош болыңдар!» дегендей,
Қанаттарын қағады.
Көрдім тұяқ салғанын,
Бүріп түлкі алғанын.
Ал атайды бүркіттің
«Тегеурін» деп бармағын.
Балапан ғой бұл әлі,
Бүркіт болып шығады.
Балапан кез – ақ үрпек,
Әрі әлсіз, әрі үркек.
Myrza
Өте керемет!Нұржан
Өте күшті маған ұнады басқалардың пікірлеріне қарағанда тек маған емес барлығына ұнаған сиақтыaiko1988
кереметДәліш Інжу
Өте тамашаЖамиля
Күшті екен