Әулет әліппесінен ақыл-нақыл – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Әулет әліппесінен ақыл-нақыл» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3379
Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп-тұру керек!
Жеті жасқа жетпей бала
«Жеті атасын» білу керек!

«Жеті атасын» білмеген,
Құлағына ілмеген,
Ұятқа қалып алқада:
«Арғы тегі – құл!» деген.

Тұра алмайды тосылмай,
Жүре алмайды қатесіз...
«Желікбасты» осындай –
Дейді халық: «Жетесіз!»

«Жетесізден» сақтанар,
Жеті жұртқа мақтанар,
Болғың келсе Жетелі –
«Жеті атаңды» жаттап ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері