Өлең, жыр, ақындар

Еңбек нарығына жасанды интеллектінің ықпалы қалай болмақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еңбек нарығына жасанды интеллект қаншалықты әсер етіп жатқанын түсіндірді.

«Goldman Sachs-тің жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тағы кәсіптердің шамамен үштен екісі жасанды интеллектпен ішінара автоматтандыруға ұшырайды. Жалпы алғанда, АҚШ-тағы қазіргі жұмыс міндеттерінің 25 пайызы жасанды интелект (ЖИ) арқылы автоматтандырылуы мүмкін, әсіресе әкімшілік (46%) және заңгерлік (44%) кәсіптерде. Ал құрылыс (6%) және жөндеу (4%) сияқты «қосалқы жұмыс» кәсіптерде - төмен деңгейде. Дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде жұмыс орындары автоматтандыруға азырақ ұшырайды, бірақ бүкіл әлем бойынша жұмыстың 18% (300 миллион жұмыс орнына тең) ЖИ көмегімен автоматтандырылуы ықтимал. Атап айтқанда, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бағалауы бойынша әкімшілік саладағы қызметкерлер арасында генеративті ЖИ арқылы жұмыс міндеттерінің 45 пайызына дейіні автоматтандырылуы мүмкін, ал жұмысшы кәсіптерінің міндеттері - 2 пайызға дейін», — делінген Еңбек министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Жалпы алғанда, Қазақстанда генеративті жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жұмыс тапсырмаларының 13% (орташа және жоғары деңгейдегі ықтималдықта) орындалуы мүмкін.

Бұл тұрғыда Халықаралық еңбек ұйымының негізгі кәсіп топтары арасында кеңселерде түрлі кеңестер мен нұсқаулар беретін қызметкерлер генеративті ЖИ әсеріне өте сезімтал екенін растап отыр.

«Жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері айтарлықтай болғанымен, жұмыс орындары мен салалардың көпшілігі автоматтандыруға ішінара ғана шалдығуы мүмкін. Сондықтан ЖИ жұмыскерлерді алмастырмай, олардың жұмысын толықтыруы ықтимал», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Генеративті ЖИ енгізудің нәтижесінде еңбек өнімділігін арттыруға әсер етеді.

Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған ұлттық тұжырымдамасында мынадай іс-шаралар ескерілген:

— орта білім берудің оқу бағдарламасына «Жасанды интеллект негіздер» модулін қосу;

— жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ЖИ саласындағы білім беру бағдарламаларын енгізу;

— мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект негіздері бойынша курстарды әзірлеу және өткізу.

Жақында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин еңбек нарығына жасанды интеллект әсер етіп жатқанын айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ахтай Дастан

Казак тили

Ахтай Дастан

12

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар