Корейская косметика премиум класса

Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.  

Сайысқа 14 - 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Бірінші кезеңде:  еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі.

Қатесіз енгізуге тырысыңыздар, кері жағдайда қабылданбайды. 

Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады.

Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Шарттар:

- Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек;

- Ілмектердің ішінде   деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз);

- Екі бірдейдің арасында, ұнату, пікір және қаралым () саны қаралады. 

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтарыңызды кез-келген уақытта қоюға болады. Міндетті түрде жауап береміз!

Байланысу үшін:

bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73

Демеушілерге де ашықпыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×