Егер сіз құпиясөзіңізді ұмытып, сайтқа кіре алмай жатқан болсаңыз, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышындағы "Кіру" деген сілтемеге басасыз. Ашылған бетте ұяшықтардың ең астында "Құпия сөзді ұмытқан болсаңыз басыңыз." деген жазу бар. Осы жазудағы "басыңыз" деген сілтемеге басасыз. Төменде суретте:
"Құпия сөзді ұмытқан болсаңыз басыңыз." деген жазудағы "басыңыз" деген сілтемені басқаннан кейін, жаңа бет (Құпия сөзді жаңалау беті) ашылады. Төменде суретте:
Осы суреттегі "Email" деген ұяшыққа, сайтқа тіркелген кезде енгізген email-іңізді (электронды поштаңызды) енгізесіз. Сосын "Жіберу" батырмасын (кнопкасын) басасыз. Сайт сіздің электронды поштаңызға құпиясөзді жаңалау туралы мәлімет жібереді. Төменде суретте:
Суреттегідей сілтеме поштаңызға келеді. Поштаңызға хабарлама келмей жатқан болса, "Спам" папкасын қарап көріңіз. Сол сілтемені басып, жаңа құпия сөз енгізу бетіне өтесіз. Суретте:
Бұл беттегі "Жаңа құпия сөз" деген ұяшыққа жаңа құпия сөзіңізді енгізіп, "Сақтау" батырмасын басыңыз. "Сақтау" батырмасын басқаннан кейін сайт сізді "Сайтқа кіру" бетіне жібереді. Сол жерден жаңа құпия сөзіңізді енгізіп сайтқа кіре аласыз
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Құпия сөзді ұмытқан болсаңыз
Майра
Құпия сөзді жаңартсам да сайтқа кіре алмай жатырмын. неге?
Модератор
Майра, толығрақ bilimall.kz@gmail.com - ға жазып жіберсеңіз
Gulzat
Спам деген папка кайда?
Gulzat, өзіңіздің электронды почтаңызда(Email) болады.
Мысалы, егер почтаңыз gmail болса:
Акбаян
осынын барин орындап тиркесемде кире алмай жатырмын. силтемемен паролди озгертсемде болмай жатыр неге олай болып жатыр,
Акбаян
Саламатсыздарма! айтканыныздай орындасамда кире алмай жатырмын. силтемемен ауыстырыпта кордим болмай жатыр
Модератор
Акбаян, сұрағыңызды түсініктірек bilimall.kz@gmail.com - ға жазып жіберсеңіз.
Шолпан
Менде сайтқа кіре алмадым. Өз жұмыстарымды жүктей алмайтын болдым. Сіздерден көмек керекю
Дастан
Шолпан, почтаға немесе ватсапқа жазып көріңіз.
Аружан
Мен тіркелдім тіркелді деп келді бірақ сіздің пороліңіз дұрыс емес деп жатыр басынан тіркелсем сіз тіркеліп қойғасыз деп жатыр неге кірмейді?
Модератор
Тіркелуді соңына дейін аяқтамаған болуыңыз мүмкін. Почтаңызды тексеріп көріңіз.
Жанат
сұрақ жазу керек еді
Толганай
салеметсызбе почтама код келми жатыр?
Модератор
Толганай, сәлеметсіз бе? bilimall.kz@gmail.com - ға жазыңыз.
Тұрсынай
Менде дұрыс емес деп жатыр баше кре алмай жатырмын
Веснин Эдуард
Мен құпия сөзімді ауыстырып едім енді кірілмей жатыр
Санжар
Пароль ұмытып калдым
Кулбаева Гу́лжан
Менде тіркеле алмадым біресе пароль біресе логин дұрыс емес деп
Гауhар
Kausar@intrnet
Гауhар
Менде тіркеле алмадым логин дұрыс болса пороль дұрыс емес қалай кіруге болады
Админ
Гауhар, нұсқаулықты пайдаланып көріңіз. Сол жерде толық жазылған.
Асел
Құпия сөз білейін дегем