Биыл да көпшіліктің сұранысы бойынша Bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталында сайыс өткелі жатыр. Бұл жолы кішігірім ерекшеліктері бар, барлығы төменде толығырақ жазылған.

2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.
Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады.
Негізгі жүлделер:
Өлең-жыр
І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.
Эссе
І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.
Сонымен қатар Bilimland.kz сайтында да әр аптаның қорытындысы бойынша үздік шығармалар жарияланып, авторлары bilimland ұжымынан PowerBank-пен марапатталады.
Байқау соңында, негізгі жүлделерден бөлек, Bilimland.kz ұжымының атынан да арнайы сыйлық иесі анықталатын болады. Ең үздік шығарманы Bilimland.kz сайтына жариялап, бағалы смартфонмен марапаттайды.
Шарттар:
— Сайысқа қатысушылардың жасы 14 - 29 аралығында болуы керек.
— Порталға тіркеліп (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунттары жарайды), өлең-жыр немесе эссе енгізу керек;
— Еркін тақырыптағы эссе және өлең-жырлар қабылданады. Эссенің көлемі кем дегенде 350 сөз.
— Ілмектердің ішінде bilim2019 деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз), Өлең енгізгенде - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек (жазудың үстін). Эссе енгізгенде категориялардан «Сайыс2019» деген бөлімді таңдау керек;
Нұсқаулықтар:
- Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда
- Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)
- Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?
- Сайтқа материал қосу (Эссе енгізу үшін «Мақала қосу» дегенді таңдау керек)
Сайыстағы өлең-жыр (егер өлеңіңіз жоқ болса ілмекті дұрыстауыңыз қажет): «bilim2019» ілмегі арқылы табуға болады.
Эссе (эссеңіз жоқ болса бөлімді дұрыс таңдау керек): «Сайыс2019» бөлімінде.
Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.
Сұрақтар үшін:
E-mail: bilimall.kz@gmail.com
Міндетті түрде жауап береміз!
Демеушілерге де ашықпыз.

Супер!
Басқа сайтқа жарияланған өлең болса бола береді ме?
Болады. Ең бастысы өзіңіздікі болуы керек.
Кушті
Күшті
Қуанышты хабар
Керемет бастама екен! Банктер арқылы төлем қажеттілік етпейді ғой?!
Сайысқа қатысу тегін. Төлем қажеттілігі жоқ.
Асыға күткен сайыс басталды!Алғысым шексіз! Жəне қанша өлең болу керек? Екі-уш өлең
2-3 өлең жіберуге боладыма? Өлең жіберген адам эсседе жібере аладыма?)
2-3 өлең жіберуге болады. Екеуіне де қатысуға болады.
Көп рахмет ! Қайтадан бағымызды сынауға болады .
Керемет
12-29 жас аралығы болмауына не себеп
12 жастан бастауға ұсыныс білдіремін
салеметсіздер ме! быотыр жасқа шектеу қойылған жоқ еді, биыл неге тек 29 жасқа дейін?
Енгізгенде - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек (жазудың үстін). - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болуы керек,
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар,
Эссені сайысқа қосу үшін «Сайыс2019» бөлімін таңдау керек,
bilim-all.kz сайты супер!
сәлеметсіздер ме. керемет. байқаулар көбірек өтсе екен. балалар шыңдалар еді. рахмет.жеңіс тілеймін баршаға.
Рахмет мұндай мумкиндик ушин
Рахмет
Осындай мүмкіндіктеріңізге рахмет!
Жасқа шектеу болмаса керемет болар еді.Қатысқымыз кеп отыр оған жасымыз 30 дан асып кеткен
Сайтқа біршама өзгерістермен толықтырулар жасалса дұрыс болар еді.
Және де модератор өзінің есімін қойса кім екенін білу мақсатында
Әр апта сайын да үздік шығармалар жарияланып, авторлары PowerBank-пен марапатталатыны жақсы екен!
Онда Әр апта өлең жіберіп отыру керек екен! Соңында да сыйлықтардың болуы да күшті!
Келесі жолы жасқа шектеу болмайды.
Ия, улпилдеген умитимизди жаска шектеу кою аркылы су сепкендей басып койгандарыныз аркылы жасымыздын биразга келип калганын есимизге тусиргендей болады
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз!) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.
Сәлеметсіздерме! Мүмкін болса эссе тақырыбын білуге болама
Өлеңді өзі жазып шығу керек пе?
Модератор өтінемін тездетіп жауап бере аласыз ба
Негізі керемет ойлап табылған оқушылардың да шығармаға деген құлшынысы арта түседі. Керемет!
Еркін тақырып. Жоғарыда да жазылған.
Иә, өлеңді өзі жазып шығару керек.
Super
Ескерту: Енгізуден алдын нұсқаулықтармен танысып шығыңыздар:
- Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)
- Сайтқа материал қосу (Эссе енгізу үшін «Мақала қосу» дегенді таңдау керек)
Сайыстағы өлең-жырлар (егер өлеңіңіз бұл жерде жоқ болса, демек ілмекті дұрыс қоймағансыз): «bilim2019» ілмегі арқылы табуға болады.
Сайыстағы эсселер (эссеңіз бұл жерде жоқ болса, демек бөлімді дұрыс таңдамағансыз): «Сайыс2019» бөлімінде.
«bilim2019» ілмегін ұмытпаңыздар. Ілмекті тырнақшасыз қойыңыздар! Ілмектер үтір арқылы қойылады.
Автор деген ұяшық бос қалу керек, өлең енгізгенде - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек (жазудың үстін).
Егер қосқан материалда бір қате болса, "Қалам"-ды басып өңдеуге болады.
12 жас болмайма ?
14 - 29 аралығында болуы керек дейді
Оте жаксы менде кызыгып отырмын
Оте жаксы менде қызығып отырмын
Аватарға суретімді қалай шығарамын деген сұрақтың жауабы:
Логиніңізді басасыз - > баптауларға кіресіз - > сол жерден сурет жүктеуіңізге болады.
Есіміңіз және фамилияңызды да толық сол жерде жаза аласыз.
Эссе орыс тилинде болса жарайма тек казак тилинде болу керек пе
Қазақ тілінде.
Пайдалы іс екен!
Сәлеметсізбе! апта сайын жаңа эссе немесе өлең қосып отыру керек пе бір адамға? әйтпесе бир өлең байқаудың соңына дейін бола береді ме?
Апта сайын қосу шарт емес.
Кушты
Апта сайынғы қорытындыны қай жерден білуге болады
Апта сайынғы қорытынды сайттың басты бетініне шығады екен.
Мен осы жарысқа тіркелдім , бірақ шығармаларымды қалай жіберемін admin ?
Жоғарыдағы нұсқаулықтарды пайдалануға болады.
Осы жылы карашада 29 толамын катыса аламынба
Бұл жарысқа қалай эссе жіберемін
Жоғарыдағы нұсқаулықтарды пайдалануға болады. Сайтқа тіркеліп енгізу керек.
Рахмет! Керемет сайт!
Тақпақ.
Қазақстан
Табиғаты сай болған,
Байтақ елім Қазақстан.
Тау шыңыда сән болған,
Аймақ жерім Қазақстан.
керемет
Осындай еңбектерің үшін мың алғыс!
Мынау кушти екен гой
Барлық қатысушыларға сәттілік!
Сайтка тіркелдім эссем дайын оны енді калай жібере аламын нені басу арқылы
Модератормен жеке сөйлессем.... Деп ем.
Модератор күн сайын пікірлерді қадағалап отырасызба?
Кушти Ари керемет екен
Ия менде келісемін
Өте пайдалы дүние екен! Осындай байқаулар көбейе берсе және еңбегі бағаланса нұр үстіне нұр болар еді.
Орын болмаған жағдайда сертификат алғыс хат деген жеңіл мақтау қағазы болама????
Ақыры сайтқа тіркеліп өлең жазсаң
Тіркелер кезінде е майл дегенмен сұраққа жауап юер дегенге не жазад??? Оны калай тіркелсем болад уаөыт өтіп жатыр
Е майл деген жерге почтаңыз жазылады. Сұраққа жауап деген жерге сол жердегі сұрақтың жауабы жазылады. Мысалы 12+3=? Жауабы 15. Демек 15 жазылады. Жоғарыда нұсқаулықтар бар. Сол жерде толық жазылған.
Сертификат бересіздерма++++++++++
Егер шәкірт алғыс хат немесе сертификат алса мотивация ьолар еді шығармашылық жолдағы қабілетін арттруға
Өте керемет жазылған екен
Сәлеметсіздер ме? Оқушыларға тегін сайысқа қатысуға мүмкіндік туғызып отырғандарыңызға мың рақмет!!!
Менің оқушыларымның эсселері тұр .Өлеңді көре алмадым. Нәтижесі біз қатыса алдық па ?
rymhannazigul, өлеңдер бөлімінен қарап көріңіз. Әр адам өзі тіркеліп енгізуі керек.
Сәлеметсіз бе, апталық қорытындыны қайдан көруге болады? Және сертификат бересіздер ме?
Апталық қорытынды сайттың басты бетінде жарияланды.
ал 11 жас ше бола ма? менің де қатысқым келеді н/е келесі қашан болады?
Осы жолы 14 жастан бастап. Келесі жылы жаздың аяғында болуы мүмкін. Шарттары да өзгеруі мүмкін.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұйымдастырушылар?! Сіздерден сұрайын дегенім, неге жауап қайтармайсыздар? Сіздерге бірнеше рет жазған болатынмын. Осы сайыстың 10-шы жеңімпазы болғанымды хабарлап едіңіздер, оған сыйлық беріледі ме??
igerimkarshyga, сәлеметсіз бе?! Әрине! Сыйлықты алу үшін bilimland.kz (https://bilimland.kz/kk/contact) сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!
Маған бұлақ пен балам туралы əңгіме керек болып тұр
Кереметь сайыс!бирак мен 11 жастамын(((окиништи менин акындык онерим бар еди катыскым келеди аттен(
қалай тіркелуге болады
Өзімнің атымнан оқушылардың өлеңдерін жібере аламын ба, авторы деген жерге оқушының аты жөнін жазып қойсам.
Ескерту! Құрметті қатысушылар, өлең енгізу барысында, ілмектер өрісіне bilim2019 ілмегін (қатесіз, тырнақшасыз, пробелсіз) міндетті түрде қосыңыздар (кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.)! Ілмек үтір арқылы қойылады. Мысалы: bilim2019, туған жер, ел, ... деп. Одан бөлек, авторы деген ұяшықты бос қалдырып, авторы өзім дегенді де (жазудың үстіне басу керек) басыңыздар.
Эссе енгізу барысында сайыс2019 деген бөлімді таңдауды ұмытып кетпеңіздер. (кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.) Авторы деген ұяшықты бос қалдырыңыздар.
Қатені "қаламды" басып өңдеуге болады.
Сайыс аяғына жетейін деп қалыпты ғой!
Қалай жіберсек болады
керемет
Тағы басқада сайыстар бар ма екен?
Қатысып бағымды сынап көрейін.
Өте керемет
Тагы баскада сайыстар бар ма екен?????О
ОТЕ ЖАКСЫ;КЕРЕМЕТ
өлеңді жазып койдым енді не істеймін
Қортындысын қашан айтасыңдар
Дамир, қорытынды шықты ғой
Мақсат,қай жерде қортындысы жазылып тұр?
Сайттың басты бетінде