Сайтқа тіркеліп, кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:
Сілтемелерді түсіндіре кетсек:
1) Өлең қосу - Сайтқа өлең қосу үшін осы сілтемені басасыз. Өлең дегеніміз кез-келген автордың өлеңі немесе өзіңіздің жазған өлеңіңіз.
2) Мақала қосу - Сайтқа кез-келген тақырыпта, қызықты мәлімет, мақала жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз.
3) Нақыл сөз - Сайтқа нақыл сөз жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз. Нақыл сөз (Цитата) - кез-келген адамның айтқан ұлағатты сөзі.
4) Анекдот, әзіл қосу - Сайтқа анекдот, әзіл, күлкілі әңгімелер қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Ұятсыз анекдот болмауы тиіс.
5) Мақал-мәтел қосу - Сайтқа мақал-мәтел қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Қазақ тілінде кез-келген ұлттың мақалы болуы мүмкін.
6) Ашық сабақ қосу - Сайтқа ашық сабақ, тәрбие сағаты, сабақты қайталау, жаңа тақырып, яғни мұғалімдер материалдарын жариялау үшін осы сілтемеге өтесіз.
11.03.2025 12:03
09.01.2025 15:33
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
жадыра тойбахова
Жылдам әрі тиімді
orazgali
Сайтқа 5 ашық сабақ жіберіп едім. Соның 2 көріп тұрмын.Қалған 3 көрмей тұрмын.Оны қайдан қарауға болады.
Модератор
Қай тақырыптарды таппай жатырсыз? Табылмаған тақырыптарды bilimall.kz@gmail.com жазып жіберіңіз.
Лаззат Зекешева
Маған сайт өте ұнады.Рахмет
Досыбай Нұрлыбек
Тәуелсіздік тілегім
Қазақ елім, менің асқар белесім
Тілім ұшқыр жетелеп мені келесің
Кең әлемге танымалсың қашанда
Тәуелсіздік осы сенің жемісің
Аялайық күш қуатты жастардан
Болды күндер қиын қыстау басталған
Егемендік жиырма жылға жол сілтеп
Патриоттық шын сезімді тастаған
Жусанды дала, жайлауымда тілектерім
Алтындай қымбат болсын жүректерің
Шет елдік жарыстардың мінбесінде
Желбіресін көкте туым білектерім
Қазағымда, Астанамда жайнасын Бәйтеректе
Дамыған біз халықпыз ертеректе
Жер ұйықты аңсатты жиырма бес жыл
Болайық Елбасымен бір тілекте
gulimjan_75
Өте керек және қажет сайт екен. Маған ұнады. Сайттың шығармашылық ұжымына мың алғыс!
Айсулу
Еңбектеріңіз жемісті болсын, шығармашылық табыс тілеймін.
Ләззат Бисенғалиева
сертификатқа калай тіркелем
misik
салеметсізбе сайтта оқушылаға сертификатты қалай алуға болады төлем жасалған соң қайда енгіземін
Маржан
Саламатсыздарма? Мен сайтқа тіркеле алмай жатырмын. Көмектесіңіздерші.
Модератор
Жоғарыда сайтты қолдану жөнінде нұсқаулықтар бар. Соны пайдалануға болады.
Қарлығаш
Мен мақала жазсам, оны қалай енгіземін.
Бесикбаева
Мен сайтқа кірсем сабақ берсем дегем
Багила
Байқау шарттарында жас ерекшеліктеріне неге шек қойылады
Арай
материал қосса сертификат бере ме?
Мөлдір Жұмажанова Жанболқызы
Мотивация.
Мотивация, бұл сөзді әркім әрқалай түсінеді.
Мотивация әр адамда болғаны дұрыс. Мен мотивациямен өмір сүремін, ішкі дүниен арпалыс болып жатқанда, жұмыс істегенін өзі бір үлкен бақыт. Қазірдің өзінде осы мақаланы, үлкен мотивациямен жазып отырмын. Оны қалай түсінуге, табуға болады? Қатты істегініз келіп жүрген істі жасап, тырысып көріңіз. Ішінізде қандай сезім болғанын сезіп, тырысып көріңіз. Әр адамда мотивация болады және ол міндетті түрде бар. Тек соны сіз өсіруіңіз қажет. Мен мысалы мақала жазғанда, жан тәнімен жазамын, және сонымен мақтанып, қуанамын. Бос уақытынды босқа өткізбей, осылай іс пен өткізгенін жөн. Сенің қолынан бәрі келеді, мен саған сенемін!
gulnazi999
Сәлеметсізбе . Мен материал қосу дегенді аша алмай отырмын.Не істесем екен?Админ
Сайтқа тіркеліп, кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз.
Досыбай Нұрлыбек
Оттаным оттанда ыстық айналайын
Мен сенің шырмауыңа байланайын
Жастардың ақылына жол көрсетер
Сақадай борышымен сайланайын
Патриоттық отаным-Қазақстан
Қыран құсың аспанда самғап ұшқан
Өз отанын қорғаушы жастарымыз
Оянсын болашағым әр бір тұстан
Тәрбиенің борышы Отан қорғау
Күткеніміз әр дайым елден қолдау
Жыл сайын өз халқына арнап келген
Президенттің айтқаны өрлі жолдау
Жайлы күнді аңсады жандарыңыз
Арайлап атсын күнде таңдарыңыз
Әскери қызметіміз ұлы борыш
Көбейсін қазақ ұлты сандарыңыз.
Нуржамал
Керемет
Перметай Жасмин
«Дінтану» - сұранысқа ие мамандық
Ғасырлар бойы дін қоғам мен мемлекеттің, тұтастығын қамтамасыз етудің парменді құралы болып келді. Жаңа тарихи жағдайларда дін осы қызметін сақтап қала ала ма? Жоқ әлде адамзат жалпыламалық пен тұтастықты қамтамасыз етудің, басқа тетіктерін ойлап таба ма? Азаматтық коғам мен құқықтық мемлекеттегі діннің рөлі мен орны немен айқындалады және оның аталған құрылымдармен қарым-қатынасы қандай болмақ және қай бағытта дамиды? Міне, осы және басқа да мәселелер дін сиякты нәзік әрі күрделі салада салиқалы ұстанымды қалыптастыруды қажет етеді. Ал еліміздегі дінаралық келісімділік пен сұхбатты үйлесімді дамыту өз кезегінде білімді де білікті мамандарды дайындаумен тығыз байланысты. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің, шешімімен 1999 жылы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавриат, ал 2001 жылы магистратура ашылды. «Дінтану» мамандығы ашылғаннан бері кафедра ұжымы республикамызға қажетті мамандар дайындаумен қатар, аталған сала бойынша Мемлекеттік білім беру стандарттарын,типтік бағдарламалар, пәндердің оқу әдістемелік кешендерін жасады. Дінтану жане мәдениеттану кафедрасының ұжымы бакалавр, магистратура, PhD докторларын жаңа талаптарға сай даярлауда. Атап айтқанда, жеке білім алу траекториялары,біліктілік бағыттылықтары анықталып, қазіргі Қазақстан мен әлемдік еңбек нарықтығының сұраныстарына сай кәсіби білікті мамандар дайындау ісі оң жалғасын тауып келеді.
Факультетіміздегі осы мамандықты бітірген түлектер түрлі салаларда әділет министрлігінде, құқық қорғау органдарында,дін істері жөніндегі комитетте, облыстық,аудандық,қалалық әкімшіліктердің ішкі саясат бөлімдерінде ,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында, жоғарғы және орта оқу орындарында жемісті еңбек етуде. Магистратураны үздік аяқтаған түлектер өз білімдерін шет елдерде жетілдіруде. Бұл кафедра ұжымының университет қабырғасында дін саласындағы зайырлы білімді терең игеріп, жетік ұштастырған зиялы қауым өкілдерін қалыптастыруа да өзіндік үлес қосып отырғандығын көрсетеді. Сапалы білім беру ең, алдымен оқытушы-ұстаздардың білгірлігі мен біліктілігіне қатысты екені жасырын емес. Қазіргі уакытта кафедрада 11 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаттары жане 4 PhD докторлары еңбек етеді.
Кафедра ұжымы оқытушылықты ғылымизерттеулермен де сабақтастырып келеді.Ғылыми зерттеулердің натижелері оқу үдерісіне енгізілуде. Ғылыми зерттеудің, басым бағыты заманауи діни жағдайдың өзекті мәселелерімен байланысты. Сонғы жылдары авторлық ұжым А.Д. Курманалиева,Н.Ж. Байтенова, К.А. Затов, Ш.С. Рысбекова,К.М. Борбасова, Б.К. Бейсенов, Б.Б. Мейірбаев,С.У. Абжалов Білім жане ғылым министрлігінің бірнеше гранттарын ұтып алды.Қазіргі уакытта кафедра жанында «Дінтанулык зерттеулер мен экспертизалар орталығы» жұмыс жасайды. Профессор А.Д. Құрманалиеваның жетекшілігімен Жұмыс жасайтын бұл орталық республикамыздағы діни жағдайды талдау жане діни әдебиеттерді сараптау жұмыстарын атқаруда.
Еліміздегі діни жағдайды ескере отырып, ҚР БҒМ 2016 оқу жылынан бастап мектептердің 9 сыныптарына дінтануды міндетті пан ретінде енгізді. Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға дін тарихы мен теориясы туралы терең де толық әрі мазмұнды білім беру, жастарды дінаралық сұхбат пен келісімділікке тәрбиелей отырып, оларды жалған діни ағымдардың ықпалынан сақтау аса маңызды қоғамдық және мемлекеттік мәселе болып табылады. Бұл да білімнің сапасы мен тәрбиелік мәніне айрықша назар аударуды талап етеді.
Жаңадан ашылғанына қарамастан «Дінтану» көпшілікке танымал және қоғамға қажетті,сұранысқа ие мамандыққа айналып отыр.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия жане саясаттану факультетінің «Дінтану» мамандығы республикамыздағы осы саладағы жетекші оқу орны болып табылады. Еліміздегі «Дінтану» мамандығына бөлінген мемлекеттік грант иегерлерінің, бакалавриат бойынша 70 пайызға жуығы, ал магистратураның 100 пайызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Дінтану» бөлімін таңдайды. Бұл кафедра ұжымына деген үлкен сеніммен қатар, келелі міндеттер де жүктейді. Өйткені, терең, біліміне сай өнегелі тәрбие алған азамат-еліміздін, жарқын болашағының кепілі.
Перметай.Ж