Сайтқа материалды дұрыс енгізу: толық нұсқаулық

Сайтқа материал қосу – тек мәтін енгізу емес, оны дұрыс әрі тартымды етіп ұсыну. Көп қолданушылар жақсы ақпарат жазғанымен, оны дұрыс форматтамағандықтан оқырманға әсері төмен болады. Осы мақалада материалды қалай дұрыс енгізу керек екені түсіндіріледі.

Бұл нұсқаулық сізге материалды дұрыс, әдемі және кәсіби енгізуді үйретеді.


Кемелдік ұсақ-түйектен құралады. Бірақ кемелдік — ұсақ нәрсе емес.

Леонардо да Винчи

Сапа — саннан маңызды. Бір мінсіз нәтиже бірнеше орташа істен әлдеқайда құнды.

Стив Джобс

📌 1. Материалдың бөлімін дұрыс таңдаңыз

Материал қосқанда ең бірінші дұрыс категория таңдау қажет:

  • Өлең → тек поэзия
  • Мақала → ақпараттық, танымдық мәтін
  • Нақыл сөз → қысқа цитата
  • Ашық сабақ → мұғалімдерге арналған материал

Қате бөлім таңдалса, материал табылмайды және қызығушылық азаяды.

📌 1. ҚАТЕ vs ДҰРЫС (нақты айырмашылық)

❌ Қате енгізілген материал:

  • Ұзын, бөлінбеген мәтін
  • Абзац жоқ
  • Бос орын көп
  • Тақырып түсініксіз
  • Құрылым жоқ

👉 Нәтиже: оқылмайды, тез жабылады


✅ Дұрыс енгізілген материал:

  • Қысқа абзацтар
  • Тақырыпшалар бар
  • Маңызды жерлер ерекшеленген
  • Логикалық құрылым бар

👉 Нәтиже: оқылады, сақталады, бөліседі


📌 2. Материал енгізудің дұрыс формуласы

Кез келген материал мына құрылыммен жазылуы керек:

  1. Кіріспе (2–3 сөйлем)
  2. Негізгі бөлім (тақырыпшалармен)
  3. Қорытынды (1–2 сөйлем)

Бұл – стандарт. Осыны сақтамау = сапа төмен. Бірақ шартқа жыбысып қалу керек емес.


📌 3. Міндетті формат ережелері

✔ Абзац ұзындығы: 2–4 сөйлем
✔ Әр 2–3 абзац сайын тақырыпша
✔ Маңызды сөздер → қалың
✔ Қажет жерде → курсив

Бірақ бырлық жер курсив немесе қалың болып кетпесін , тек керек жерлерін ғана. 


📌 4. Тақырып жазу ережесі

❌ Қате:

  • БАРЛЫҒЫ ҮЛКЕН ӘРІП
  • Өте ұзын

✅ Дұрыс:

  • Қысқа
  • Нақты
  • Мағынасы түсінікті

📌 5. Сурет қолдану

Материалға сурет қосу ұсынылады:

✔ Тақырыпқа сай
✔ Сапалы
✔ Артық емес

✔ Сурет үлкен болмасын. Жеңіл қосу ұсынылады.

Суретсіз материал – әлсіз көрінеді. Бірақ сурет қосу шарт емес.


📌 6. Тег (ілмек) жазу

Тег – іздеу үшін маңызды.

❌ Қате:

  • Ұзын сөйлем
  • Қатысы жоқ сөздер

✅ Дұрыс:

  • 1–2 сөз
  • Нақты

Мысалы:
тарих, білім, қала


📌 7. Авторды дұрыс көрсету

  • Егер сіз жазбасаңыз → автор атын жазыңыз (Мұқалғали Мақатаев, Абай Құнанбаев...)
  • Егер өзіңіз болса → белгілеңіз, бос қалдырыңыз

Артық ақпарат жазбаңыз.


📌 8. Категория дұрыс таңдау

5) Категория ұяшығы - көп бөлім таңдау керек емес, тіпті пайдасыз, бір қажетті бөлім таңдау жеткілікті.


📌 9. ЧЕК-ЛИСТ (жарияламас бұрын)

Материал дайын ба? Тексеріңіз:

  • Тақырып дұрыс жазылған
  • Абзацтарға бөлінген
  • Құрылым бар
  • Қате жоқ
  • Тегтер жазылған
  • Сурет бар (қажет болса)

Егер осының біреуі жоқ болса – материал толық емес.


📌 10. МОДЕРАЦИЯ СТАНДАРТЫ 

Мына материалдар қабылданбайды:

❌ Құрылымсыз текст
❌ Көшірілген контент
❌ Тақырыпсыз материал
❌ Түсініксіз жазба
❌ Спам немесе қайталау

Өшірілуі әбден мүмкін.


📌 11. Негізгі қағида

Жақсы материал =
қарапайым + құрылымды + оқуға жеңіл

Жаман материал =
ұзын + ретсіз + түсініксіз + бос орын көп + жабысып қалған


📌 Жарияламас бұрын тексеріңіз

Материалды бірден жарияламаңыз.

  • Бірнеше рет қарап шығыңыз
  • Қателерді түзетіңіз

Қорытынды

Материалдың сапасы – тек ақпаратта емес, оны қалай ұсынуда. Дұрыс енгізілген материал әрқашан:

  • оқуға жеңіл, көбірек оқылады
  • көрнекті, қызықты
  • іздеуде жоғары тұрады
  • қолданушыға пайдалы болады

Ал дұрыс енгізілмеген материал – қаншалықты пайдалы болса да, оқылмай қалады.

Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз