Бүркіт – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Бүркіт» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6688
Бүркіт ірі, қайратты,
Сұлу әрі айбатты.
Көтеріліп тым биік,
Көзбен шолар аймақты.

Тұмсықтары иілген,
Жемін көрсе, шүйілген.
Қолға да оны үйретіп,
Ерлігіне ел сүйінген.

Бүрген жерін жұлады,
Жүректі әрі қырағы.
Бүркіт – алғыр, текті құс,
Ең мықтысы – қыраны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері