Бұл бетте «Ұшты, ұшты, не ұшты?» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Лəйлек ұшты! –
Білеміз ғой оны біз,
Шошаң етті қолымыз.
– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Əйнек ұшты! –
Кімдер қолын көтермек,
Қозғалмадық бекер деп.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Үйрек ұшты! –
Қателеспей тағы біз,
Қол көтердік бəріміз.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Бүйрек ұшты! –
Қол көтерген табылды.
– Гүлнəр, міне, жаңылды! –
Деп бəріміз шуладық,
Деді ол сонда қуланып:
– Бар болса егер үйректе,
Бірге ұшпай ма бүйрек те?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі