Мен бақытты баламын

Бұл бетте «Мен бақытты баламын» атты Серікбай Оспанов жазған бақыт туралы өлең берілген.

Мектебіме барамын,
Бестік баға аламын.
Ойнаймын доп, асық та,
Суретті де саламын.
Пейілін кең даламның,
Мейірімін бар адамның
Аймалаған анамның
Жанарынан табамын,
Мен бақытты баламын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері