Жақсы сөзде шуақ бар
Бұл бетте «Жақсы сөзде шуақ бар» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазынасы ол – елдің,
Ол-қара сөз, ол – өлең.
Ең биігі өнердің –
Сөз өнері, немерем!
Сансыз қырлы, салалы
Сөз-бəрінен бағалы.
Ол – жылата алады,
Ол – жұбата алады.
Балқисың ғой
Анашың
«Айналайын» дегенде.
Үйрен сөйлеп, баласың,
Жақсы сөз айт сен елге!
Жылы сөзден нəр алар
Кім-кім де өзің сияқты.
Жаман сөз – жан жаралар,
Жақсы сөз – Күн шуақты!
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі