Арқантартыс
Бұл бетте «Арқантартыс» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арқантартыс басталды,
Асқар бізді басқарды.
Қарсы жақ та мықтылар,
Мықтылығын ұқтырар...
Барлығы да жігерлі,
Қабақтары түнерді.
Біз де осал емеспіз,
Неге, қалай жеңбеспіз?!
Бәрімізде – бір үміт,
Қимылдадық бірігіп.
Жұлып алдық арқанды,
Бұған бәрі таңғалды.
Тұрды сөздер естіліп:
«Жеңген жалғыз күш емес,
Бірлік жеңді!» – десті жұрт!
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі