Жаңа ойын – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Жаңа ойын» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңғақты ескі жардым,
Дəнін қырып алдым.
Дəн орнына құйттай
Ойыншықты салдым.
Сосын желім жағып
Оны қайта жаптым.
Мен осылай жаңа
Ойын ойлап таптым.
Інім кеше ойнап,
Дəні бар деп ойлап,
Оны қайта жарды.
Ойыншықты көріп,
Таң-тамаша қалды.
Қиын емес аса,
Сен де солай жаса.

***
Жаңылдырар сөз бар мұнда,
Жылдам айт та, жаңылма.
Ұстартады ол тіліңді,
Боласың əрі ұғымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері