Ұшты, ұшты, не ұшты? – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Ұшты, ұшты, не ұшты?» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Лəйлек ұшты! –
Білеміз ғой оны біз,
Шошаң етті қолымыз.
– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Əйнек ұшты! –
Кімдер қолын көтермек,
Қозғалмадық бекер деп.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Үйрек ұшты! –
Қателеспей тағы біз,
Қол көтердік бəріміз.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Бүйрек ұшты! –
Қол көтерген табылды.
– Гүлнəр, міне, жаңылды! –
Деп бəріміз шуладық,

Деді ол сонда қуланып:
– Бар болса егер үйректе,
Бірге ұшпай ма бүйрек те?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшты, ұшты, не ұшты? өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Ұшты, ұшты, не ұшты? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшты, ұшты, не ұшты? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшты, ұшты, не ұшты? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері