Қарағым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарағым» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Қарағым,
Жолым ауыр, қайда барсам,
Халімнен кім хабардар қайғы орансам?
Анашым ақ сүт берген қайдан кешсін,
Алдында көрінгеннің майдалансам.
Жоғалтқан ұпайымды санай түсіп,
Келемін кещелікпен əлі айтысып.
Жолымды орағытты талай пысық,
Балақтан тартқылады талай күшік...
Бəрінен жаман екен сөздің оғы,
Ежелден –
Ер жыласа,
Ез күледі.
Жантықтың айта салған жалғыз сөзі
Жанымды жарым түнде езгіледі...
Жүрсем де төрге оздырып босағадан,
Тоңмойын тосты мені Қособадан.
Махаббат көктей солып көкейдегі,
Шапағат, шафхат күттім дос, ағадан...
Ойлаған жаннан безіп бас пайдасын,
Жадыдан жапа шекті жастай басым.
Адалдың ауызынан асы кетпей,
Сараңның қазанында тас қайнасын!
Сырғақтар кімнен шошып, сірə, жаным?
Ту сыртым,
Қорғанышсыз құба жоным.
Кей-кейде секем алам,
Алла емес-ау,
Адамнан бола ма деп сұм ажалым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері