Соңғы қоңырау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.09.2022
  • 0
  • 0
  • 4082
Артта қалып балғын шағы — ертегі,
дәл бүгіннен басталады ертеңі.
Алып шығар ашық, терең теңізге
Арман атты ақ кеменің желкені.

Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны
Мәртебесін көтеретін биікке
Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін,
Жастық шағың — сағындырар көктемің.
Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай
Алыстағы алтын ұя мектебің...

Жас түлектер қақты бүгін қанатын,
Сәулелік күн жүрекке от жағатын.
Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы қоңырау өлеңінің авторы кім?

Айбатыр Сейтақ — осы өлеңнің авторы.

Соңғы қоңырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Соңғы қоңырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айбатыр Сейтақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы қоңырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері