Осылай кете берсек

Бұл бетте «Осылай кете берсек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 886
Осылай кете берсек —
Жіңішкеміз ұзіліп,
Жуанымыз қылдай болады;
Қызымыз күңдей,
Ұлымыз құлдай болады.
Осылай кете берсек...
Ойласам;
Өзегім өртеніп,
Жаным тұншығып,
Демім алқынады.
Осылай кете берсек —
Ойдағы суат тартылып,
Бойдағы қуат сарқылады...
Осылай кете берсек —
Түптің түбінде
Не болып,
Не қоярын —
Кәміл білеміз:
Киім таңдамайтын
Диуанадай,
Тиын талғамайтын
Қайыршыдай
Өмір сүреміз.
Осылай кете берсек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осылай кете берсек өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Осылай кете берсек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осылай кете берсек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осылай кете берсек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері