Жеті жетім

Бұл бетте «Жеті жетім» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2018
  • 1
  • 1
  • 16888
Барады ғұмыр өтіп күн-күн санап,
Жолында ғылым-Сарыф еттім талап.
Дегенді: "Жеті жетім" - өлең қылдым,
Құр бекер отырғанша босқа қарап.
Бір жерге мешітті қойса салып,
Жамағат оқымаса, оған барып.
Жалғанда сондай ғазиз босқа тұрса,
Дүниеде не болады онан ғаріп?!
Қайсы бір адамдарға дәулет бітсе,
Молайып төрт түлігі санға жетсе,
Не ішпей, не жұмсамай өз орнына,
Болады құр өкінген - қолдан кетсе!
Кездессе жақсы қатын жаман байға,
Жетпей ме өкініші өмір бойға?!
Долы қатын кездессе ақылды ерге,
Құдайым кез қылмасын осындайға!
Ішінде көп ғалымның, болса надан,
Пазлары ғұламалар түрлі адам.
Отырса сөзге түспей, аңырайып,
Жетімдік - не болады мұнан жаман?!
Ішінде көп наданның болса ғалым,
Бәрі де түк білмейтін болса залым.
Қой менен қасқыр жолдас болғанындай,
Не дейміз: "Жетім!"- демей оның халін?!
Бір үйде оқылмаса Құран - кітап,
О дағы жетімдікке болған хисап(есеп).
Жаранлар, сақтаныңдар осындайдан –
Күнәсы ауыр болад үтір-ғисап!


Пікірлер (1)

Алшын синоптик квадрабобер

Өте күшті бізге жаттауға беріп еді әдебиеттен күшті шығарма екен мадес қо вообще????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеті жетім өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жеті жетім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеті жетім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеті жетім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері