Марқаю – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Марқаю» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 802
...Жемтік іздеген
Қара құс —
Тас төбемде
Шүйіліп жүр...
Әне бір бұлт
Қарынға жабысқан
Қара талақтай боп
Түйіліп тұр.
Жан-жағынан салбыраған
Ұзын-ұзын
Түкті сирақтарымен
Мені бүріп
Алып кетердей;
Не болмаса
Бойына жасырған
Жай оқтарымен
Қақ айырып
Жарып кетердей...
... Кенет,
Бір кезде
Қап-қара бүлт
Іріп кеткендей
Өліп бара жатты.
Бүкіл
Қаһарынан айырылып
Семіп бара жатты.
... Өкпек жел шығып
Әлгі бұлтты
Ит тартқан
Тулақтай етіп
Сүйрегенін-ай.
Көз алдымда
Әлгі бұлттың
Күл-паршасы шығып
Күйрегенін-ай...
Соны көрген мен
Алдыма
Сарыарқаны жайып
Марқайдым.
Арқамды
Алатауға тіреп
Шалқайдым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марқаю өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Марқаю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марқаю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марқаю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері