Жаңғырық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жаңғырық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3267
Шуылдаған бұлақтардың
Жаңғырығы бар менде.
Шайған дала қыраттарын
Жаңбыр үні бар менде.
Жалын шашқан жанартаудың
Жаңғырығы бар менде.
Сары алтындай Сарыарқаның
Таңғы нұры бар менде.
Көңілімнен күй үзбеймін,
Жырлау үшін мәңгілік.
Табиғаттан сый іздеймін,
Тұру үшін жаңғырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңғырық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жаңғырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңғырық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңғырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері