Эпиграмма – Табылды Досымов

Бұл бетте «Эпиграмма» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2281
(Қ. Жылқышиевке)

Ақпа ақын, әз журналист Қойшығұлды
Қылжақтап құрдастары «тойшы» қылды.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Қоятын сондай қылып ойшыл ұлды.

Жарқылдаған жырымен мұңдарды үгіп,
Жүректерді жіберер нұрландырып.
Тамашасыз,думансыз жүруші ме ед,
«Тамашадай» думанды құрған жігіт.

Ей, Қойшеке, жабықсаң – қайран жырсың.
Еркіндікке шыққан соң «тойлап» жүрсің.
Төрт жарым жыл «тозаққа» түспегендер,
Бостандықтың бағасын қайдан білсін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эпиграмма өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Эпиграмма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эпиграмма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эпиграмма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері