Жылаған жүрек жұбанар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жылаған жүрек жұбанар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Жылаған жүрек жұбанар,
Қуарған көңіл қуанар.
Жылы орнын қайтып қия алар
Жығылған жанға жыра, жар?
Құбылған мынау қу дүние
Кімдердің құлқын құп алар?
Құлқынға құрдым кетпесе,
Қалаған тұстан су ағар.
Кімдерде қандай кінə бар,
Кімдерде қандай күнə бар? –
Күндердің күні болғанда
Үлкен де кіші сыналар.
Бергенің менен алғаның,
Келгенің менен барғаның...
Бəрі де бəрі сұралар.
Ұрығы өскен далаға,
Ұрпағы ілескен балаға
Атадан қалған аманат,
Бабадан қалған мұра бар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылаған жүрек жұбанар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жылаған жүрек жұбанар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылаған жүрек жұбанар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылаған жүрек жұбанар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері