Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1457
Махаббат шіркін, алыстап менен кеткен бе?
Ғашық едім мен, гүл бүршік жарған көктемге.
Жүрегім жалғыз, өмірім сырғып өтуде,
Қол бұлғап қалып кеткендей сол қыз, көк белде.
Романтика ма, романы неге таусылған?!
Сол күйің қайда,
Сол биің қайда Маусымжан.
Өзгенің отын түтетіп жаным кеттің бе,
Бұлақтың үні естіліп әсем даусыңнан.
Қалғаны бақ па,
Қалғаны жай бір құмарлық.
Шын сезім бар ма, серт беріп сөзде тұрарлық.
Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім,
Өзіңмен бірге тағып ап кетші тұмар қып.
Сол күндерім -ай талабы биік таудан да.
Себелеп жауын, қыс келіп ақ қар жауғанда.
Көкке телмірген «Тағының» күйін кешемін,
Ақша бұлт жөңкіп, дөңгелеп айым ауғанда.
Өз отымды бүгін, жансын деп өзім көсеймін.
Сезімім сел боп, сезімтал болып есейдім.
Ұмытылған менің сезімімді жаным қайтаршы,
Сағынып келші,
Жолыңа шоқ гүл төсеймін.
Бала едім ғой мен, өртенген сезім шоғына,
Мен бүгін жаным, есейдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері