Бастар едім барлығын да қайтадан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бастар едім барлығын да қайтадан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бастар едім барлығын да қайтадан,
Қалай, қалай өткен күнді қайтарам.
Сандалысты шарап ішіп шайқаған,
Сайтандықты гүлзар бақты жайпаған.
Енді кімге, енді кімге айта алам?
Онды-солды есе-есе ескекті,
Есім шығып, ақыл шіркін кеш кепті.
Өз қалауын жүрек сорлы шешпепті,
Төсенетін жамылыппын бөстекті,
Сонша неге, сонша менен ес кетті?
Амал бар ма, бәрін кештеу түсіндім,
Мархабаты алда болғай ісімнің.
Мақтан етіп шырайын да түсімнің,
Бірімін деп, құдіретті кісінің,
Неге сонша, неге сонша ісіндім?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері