Таусылды төзімім де, тағатым да
Бұл бетте «Таусылды төзімім де, тағатым да» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2024
- 0
- 0
- 1156
Таусылды төзімім де, тағатым да,
Талпынып саған қиял қанатында.
Арманда сені ойлаумен өтті-ау жастық,
Жүргендей өң мен түстің арасында.
Қалайша қайтіп сені ұмытайын,
Жарқырап алғаш туған үміт Айым.
Үміттен неге көңіл суытайын?
Өмірлік өзің деген жүрегіме,
Өзіңнен өзге кімді жуытайын?
Махаббат мұңы болса аяулы ма?
Мұңсыздық, баянсыздық бояулы да,
Барыңды жоқтай іздеп сен де мендей,
Бірде шат, бірде көңілің қаяулы ма?
Арман көп сен үшін де, мен үшін де,
Армансыз кім бар екен ел ішінде?
Еркінде жаратқанның іңкәр етіп,
Қойса да мені саған,
Сені кімге.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі