Көкімге

Бұл бетте «Көкімге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 3
  • 18769
Бері отыршы, Көкімім,
Қандай екен өкімің?
Елді билеп алуға
Қай арадан бекідің?

Әлде бекіп келдің бе
Арын сатып бетіңнің?!
Бір тояйын дедің бе
Ақысын жеп жетімнің?

Әлде ғаріп көз жасын
Көрейін деп бекіндің?
Ашып жауап қайыршы,
Көкім, сенен өтіндім.


Пікірлер (3)

Ерке

Тамаша

Меруерт

Ен керемет тамаша

Аяжан

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкімге өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Көкімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері