Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 641
Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен,
Ажырамай қазақылау елдіктен,
Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын,
Жер шарынан, параллельдік ендіктен.
Жер шарының арманы бар өзгеше,
Шар боп ұшқан бір нәрсені көздесе.
Құқы да бар қиянатқа төзбесе,
Қиналады жанын ешкім сезбесе.
Мекен етіп параллель бір елдерді,
Параллельді сырттағы жұрт тең көрді.
Бір сызықта қабыспайтын болғасын,
Әрі қарай жол тартуды жөн көрді.
Параллельдің барар жері шексіздік,
Шексіздікті тежейтұғын тексіздік.
Ебін таппай екі айналып қалады
Ортасында «е» дегізген епсіздік.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Туған жердің табиғатын толғасын.
Бір-біріне күннен үшбу хат тасып,
Бір-біріне айдан сәлем жолдасын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Кемеріне асып-тасып толғасын,
Тура тартып қия жаққа кетеді,
Ата-баба аруағы қолдасын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Жанына ертіп жүреді ылғи жолдасын.
Маңайында тынбас қиқу, жанған от,
Шығады алып аман-есен ол басын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Мұзды мұхит мекенінде тоңғасын,
Сахараға жол іздейді сабылып,
Періштелер оң сапарын жолдасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері