Несі айып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Несі айып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Аға дедім, алдыңнан
Өтуді кесіп лайық
Көрмедім де, жол бермедім
Сол үшін тактың ірі айып.
Ұлтымды бастың бетіме,
Жалғадың да «шылықты».
Сол сәтте сізден жүрегім
Тіксіне бір сыр ұқты.
«Тайраңдай басып алдыңнан,
Тайтаңдап өтсем орынды»
Болар ма еді, ағатай,
Ұнатамысың сонымды?
Иығыммен бір қағып
Түспегеннен алдыңа,
«Мәдениетіңіздің»
Аяғы ақсап қалды ма?
Көрмедім көне заманды,
Мен тумай ол өліпті.
Әдеп деген әйтсе де,
Қаныма еріп келіпті.
Ұғынбастан жанымды
Жағымсыз тақтың бос айып,
Аға алдында әдептің
Өзіңіз айтшы несі айып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Несі айып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Несі айып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Несі айып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Несі айып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері