Софыға

Бұл бетте «Софыға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Арманның толтырып сан кезелерін,
Таңдапсың Софы бауырым, сөз өнерін.
Жетіпсің мақсатыңа шынды игеріп,
Еліңе арнап оның не кемелін.
Бұрқапты роман, өлең, әңгімелер,
Өзі кеп бас иген-ау әр күн өнер.
Балқытқан құрыш, болат пештеріндей
Соғыпсың сөз сарайын халқың енер.
«Оттарын Астананың» «Алаулатып»
Өлеңнен шырақ жақтың жалаулатып.
«Елім-ай» жер қойнынан күңіренгенде,
Толқытты төсекте елді сан аунатып.
Жана алаң қорым болған Желтоқсанда,
Тілегін үйде отырып ел қосқанда,
Колбинмен тайталасып шыққанында
Риза едім елмен ойын ұласқанға.
Бітем бе табысыңның санап бәрін,
Үмітін халқың артқан сан ақтадың.
Оу, жұртым, «тірлігіміз бірлікте» — деп,
Жақтадың еліңе шын таң атқанын.
Келімсек қылыш ұстап шыққан кезде,
Тұрғанда басынғаны ұрып көзге.
«Біз кімбіз? Құлмыз ба осы?» — деп сестеніп
Сүйсіндім сен суырылып шыққан кезде.
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Ер туып жоқ елді бар қыла алмайды.»
Ризамын тәнті етіп тамсантыпсың.
Өлеңнің айтулысы Тұманбайды.
Софыжан, мерейтойың құтты болсын,
Ордаңа аруақ жебеп қызыр қонсын.
Жасай бер ел мерейін асқақтатып,
Деміңе дос жылынып, дұшпан тоңсын.
Сөйлеттім тілім безеп қаламымды,
Білесің халқым үшін алаңымды.
Сыйлаймын «Сөйле, қалам!» кітабымды
Сен толға ендігі айтар нала, мұңды.
Кітапқа қосып, сыйлап қалам берем,
Ел мұңын еркің десең тізіп терем.
Қанаты боп қарлығаштың су сепсін де,
Ашсын ол құлақтарды қалған керең.
Қаламға, халқыңның сен мұңын сөйлет,
Тергіле, көзге ұрған шынын сөйлет.
Қайнасын бойда намыс, алауласын
Заманның бүркемей шын сырын сөйлет.

23.06.2001 жыл.
Исадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Софыға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Софыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Софыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Софыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері