Қысқы кеш – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қысқы кеш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 5437
(Пушкиннен)

Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.
Төбесінен үйдің тозған
Сыбдырлайды саломы,
Жолаушыдай кешеу қалған
Терезені қағады,
Біздің лашық тозған қаяу,
Күңгірт, әлі көңілсіз;
Терезеде кәрі әжем-ау,
Неге отырсың түк үнсіз.
Әлде боран сыңсуымен
Достым қажып біттің бе,
Әлде үйірілген ұршығыңның
Зырымен қалғып кеттің бе?
Кел ішелік, ізгі досым
Қайран жастық шақтығы,
Кел ішелік, шер тарқасын
Шалқып жүрек шаттығы.
Ән шырқашы, тұрған құстай
Теңіздің арғы бетінде,
Ән шырқашы сұлу қыздай
Суға барған ертеңі.
Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай,
Кейде ұлыған аң сияқты
Кейде жылайды баладай.
Кел ішелік, ізгі досым,
Қайран жастық шақтағы,
Кел ішелік, шер тарқасын,
Шалқыр жүрек шаттығы, кімді кім?
Қыран ұшпас зәулімдей
Туып, өрбіп өстік біз,
Темір үзіп тепкіміз,
Тебінсек тасты тестік біз!
Төңкерісшіл майданда
Дұшпан торын кестік біз!
«Кімді кім?» жеңу майданын
Социализм таңының
Пайдасына шештік біз!

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы кеш өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қысқы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері