Жатыр едім тыныстап

Бұл бетте «Жатыр едім тыныстап» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 583
Тау төрінде тыныштап
Бойға ауасын сіңіріп,
Жатыр едім тыныстап,
Түн самалын сіміріп,
Жатыр едім албырап,
Тәтті ұйқыға тербеліп,
Құлағыма, ал – бірақ
Сылдыр-сылдыр үн келіп,
Кез ұйқыдан оянып,
Сергек сезім елеңдей,
Қосылып бір толғанып
Қыздар салған өлеңдей –
Жалт қарасам жақын кеп
Толқын көшіп бір дүрмек,
Кеудедегі ақынның
Өлеңіндей күмбірлеп
Өрден аңсап төменді
Таудың мөлдір бұлағы
Жыр шеріте жөнелді
Гүл бағына қырдағы...
Кең далама гүмбірлей
Менің дағы өлеңім,
Сол бұлақша дүрілдей
Жатса екен тез дер едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жатыр едім тыныстап өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жатыр едім тыныстап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жатыр едім тыныстап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жатыр едім тыныстап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері