Қызғалдақтай пионер

Бұл бетте «Қызғалдақтай пионер» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 773
Қызғалдақтай құлпырып,
Жас пионер балдырған,
Жаз болды деп қуанып,
Жанарын нарттай жандырған.
Самаладай самсаған,
Көктегі гүлдей жаңбырдан.
Барабан соққан даусынан,
Аспан асты жаңғырған...
Ән қосқан даусы жер жарады,
Жас ұланның шуының,
Көркейеді астында
Отан қызыл туының.
— Дайын бол!
— Дайын!—ұраны,
Күш пен жігер бойында.
Көзі көргіш қияны
Ұстасы сұлу ойдың да.
Галстугі қызарып,
Жарасып жүр мойнында.
Балапандай пионер,
Кіршіксіз таза жүрегі;
Оларды мақтан қылады ел,
Өрлейді ерге жігері;
Болашақ дәуір қожасы,
Ел ұрпағы, тірегі...
Жаздай жайнап көркейсін,
Қызғалдақ ұлан тілегі!

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдақтай пионер өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдақтай пионер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғалдақтай пионер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдақтай пионер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері