Орынбор, үйшік - күз базар – Ақтан Керейұлы

Бұл бетте «Орынбор, үйшік - күз базар» атты Ақтан Керейұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2630
Орынбор, үйшік – күз базар
Төрт жүздей кісі бірігіп,
Мәжіліс отыр құрылып.
Мен – жүлделі жүйрікпін
Бөгелмейтін кідіріп.
Қайнарлы бұлақ, өзенмін,
Емеспін таңқы құрылық.
Тұяғым желді тұлпармын
Топтан озған ұрынып.
Қызғалдақтың күніндей
Баянсыз екен тірілік.
Артық-кемді сөйледік,
Жырменен көңіл делбедік,
Бір күн келер Алладан
Мәлекелі мауыт бұйырық.
Көп назары – бір назар,
Көп ажарын сындырып,
Кейбіреулер бұлданар,
Өнерін бұлдап тұлданар.
Айта қалса аңырып,
Сөз таба алмай қиналар.
Жорға тілім жылмиып,
Айтқан сайын сырланар.
Дүния, сенің жүзіңнен,
Мезгіл бітсе, кім қалар?!
Адамзаттың баласы
Өлшеулі өмір шамасы,
Міне, сөздің тазасы.
Малдың сыртта аласы,
Адамның іште қарасы.
Алла болса панасы,
Ешкімнің болмас шамасы.
Ей, жігіттер, жігіттер,
Асылыңды айтайын:
Атаның белде суысың,
Ананың белде шуысың.
Ғұмила болып біткен соң,
Тоғыз ай, он күн туысың.
Жадыңа тұт, жамағат,
Жалған деме, мұным шын.
Емшек сүтін ас біліп,
Басқа адамды жат біліп,
Жыл – он екі ай болғанда,
Есейіп жейсің тамақты.
Күннен күнге ұлғайып,
Суретің болар мазатлы.
Атаң менен анаңа
Оны – мұны сөйлейсің,
Сөйтіп көңіл делбейсің.
Тоғыз, онға келген сон,
Түрдің бәрін ойлайсың,
Иманыңды қорғайсың.
Нәпсің теріс бастаса,
Бұйқыт жатқан шайтанды
Жолдас бол деп қозғайсың.
Күнәлі құлдар дүнияның
Мән-пақатын көздейді.
Пайда менен залалды
Тіршілікте сезбейді.
Не салса да бір Алла,
Көтерерміз төзіммен.
Қара сақалды әкеңді,
Қара шашты шешеңді
Көрерсің әлі көзіңмен.
Қиялыңа келгенді
Айта алмайсың қорғалап,
Именіп өз сөзіңнен.
Қашар жерің болмайды
Кәрілік деген көрімнен.
Алпыс-жетпіс асқан соң,
Ілгері қадам басқан соң,
Желмаядай астыңа
Жүрдек көлік таппайсың.
Келінің мен балаңды
Күнің үшін мақтайсың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орынбор, үйшік - күз базар өлеңінің авторы кім?

Ақтан Керейұлы — осы өлеңнің авторы.

Орынбор, үйшік - күз базар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орынбор, үйшік - күз базар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орынбор, үйшік - күз базар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері