Көмір күйі

Бұл бетте «Көмір күйі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Алыбын ұлы Донбастың,
Күшімен алғыр алмастың
Майданда, Алексей көмірін
Күреп жердің өңірін
Жарғанда:
Тың тітіреп шошынды,
Ел шуы шыңға қосылды,
Ұрандай қару
Алғанда.
Стаханов толғанып,
Балғасын болат қолға алып,
Соққанда,
Болаттан жалын жарқылдай,
Шахтаның тасын талқандай
Шаққанда:
Таңқалдырып жер жүзін,
Ұлы еңбектің жұлдызын
Жарқыратты
Жаққанда.
Ол еңбектің шық, құзы,
Шың, құзда шолпан жұлдызы.
Елімнің
Қуаты ол шалқыған,
Қуанышы артылған
Өмірдің;
Сондықтан, менің өлеңім
Екпінін жырлар дер едім,
Алексей атқан Көмірдің.
Алексейдей еркіндеп,
Шыңға биік шертілмек
Өлеңім,
Шабытты өлең шырқалсын,
Бой балқыта сырды алсын,
Дегенім,
Бақытты біздің өмірде
Кім балқымас өлеңге?
Берейін жырлап
Деп едім.

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көмір күйі өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Көмір күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көмір күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көмір күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері