Жазғы кеш

Бұл бетте «Жазғы кеш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 780
Жазғы кеш. Комбайнды қырманына
Қойды да бетін жігіт бұрды ауылға,
Есілдің көк толқынын көзбен шолып,
Шалғайда сүйген қызы келді ойына...
Лақтырған ақ көбігін нұр бетіне,
Ұқсатам, деді: «Есілді — Днепрге,
Дариға-ай, Днепрден жас Мария
Шығарып салған мені о бір түнде...
Есілдің толқыны ағып ән салғандай,
Асығып сол толқынды,— аңсағандай —
Марияшым құстай ұшып көкірегіме
Тамаша болар еді қонса қандай?!»
Деп жігіт ойлады... көп мезгіл өтті,
Жаз жылжып қырау кірпік күз де кепті.
Егінін комбайншы орып болып,
Қамбаға ақ маржандай дәнін төкті.
Көгінде күз бұлты да қанат қақты,
Бусанып боз тұманға тың жер жатты.
Қуанып кетті бір кез комбайншы,
Аңсаған Марияшы келіп тапты.
Ашылып күн райы тұнып тұрған,
Сейілді ысырыла бұғып тұман...
Көк Есіл толқынына көз жіберіп
Қарап тұр екі ғашық биік қырдан.

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы кеш өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жазғы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері