Шофер – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шофер» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4893
Шофер жездем Ғаниды
Барлық бала таниды.
Сол көшіріп әкелген
Тың совхозға бар үйді.
Май-май болып білегі,
Бізбен ойнап күледі.
Машинаның тетігін
Бес саусақтай біледі.
Іссіз қарап тұрмайды,
Машинасын бұрайды.
— Балақай, сен қай жаққа
Бармақ ең?—деп сұрайды.
Сен мұндайда жасыма,
«Мен қырманның басына
Барам!»— десең болғаны,
— Отыр,— дейді,— қасыма!
Ешкімнен ол қалмайды,
Ешкімді алға салмайды.
Қара жолдың үстімен
Құйындатып самғайды.
Асықпайды, саспайды,
Әңгімесін бастайды.
Жол бермесе үйрек-қаз,
«Пе-пе-еп!»— дейді,
Баспайды.
Шалшықтан да өтеді,
Балшықтан да өтеді.
Алыстағы қырманға
Ә дегенше жетеді.
— Мотор жақсы істейді,—
Деп шылымын тістейді.—
Ағызып-ақ кеп қалдық,
Ал, балақай, түс!— дейді.
Менің жездем Ғаниды
Барлық бала таниды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шофер өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шофер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шофер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шофер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері