Етікші

Бұл бетте «Етікші» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7192
(әні бар)

Көрдің, әлде көрмедің,
Етікші атам бар менің.
Қартпын деп ол айтпайды,
Қол қусырып жатпайды.
Тук-тук, тук-тук,
Қол қусырып жатпайды.
Құрып алып малдасын,
Жалпақ басты балғасын,
Пышағы мен бізін ап,
Отырғаны қызық-ақ.
Тук-тук, тук-тук,
Отырғаны қызық-ақ.
Қоңыр күзде, көктемде,
Қара жаңбыр төккенде
Кетпесін деп сыз өтіп,
Тігеді ол бізге етік.
Тук-тук, тук-тук,
Тігеді ол бізге етік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Етікші өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Етікші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Етікші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Етікші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері