Бозша тал – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бозша тал» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1105
Табанында тесік өкпе тозса қар,
Жазғытұрым жылайды екен бозша тал.
Жаңбыры жоқ көк аспанға телміріп,
Сағымы жоқ көкжиекке көз сатар.
Алты ай қыстан қақ тілініп қабығы,
Дің – өзектен білеуленіп тамыры,
Белін бұрап бозша талдың өтеді
Атан жығар азулы жел әмірі.
Бұтақтары күрт сынадай күлдіреп,
Қабықтары көк етіндей үлбіреп,
Жылап тұрып жасар сонда бозша тал,
Тірлік – тыныс, тірлік – қимыл, тірлік – еп.
Бұл – Өліара.
Бұл бір мысал – қас қағым,
Содан кейін иіп берер аспаның.
Көкжиекке дала күрмеп көк сағым,
Бозша талдың көрерсің бүр ашқанын.
Беу, Махаббат!
Бозша талың болайық,
Өліараның сынауына шыдайық.
Тал екеш тал жылап тұрып күрессе,
Күресейік Махаббатқа лайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозша тал өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бозша тал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозша тал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозша тал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері